Колледждің тарихы туралы

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі Қазақстан Республикасындағы медициналық білімнің бастауында тұр. Жүз жыл бұрын 1916 жылы Қазақстан даласында дәстүрлі дәрігерлерді оқыту осы жерде - Орал қаласында алғаш рет басталды. Бұған дейін мамандар жақын ресейлік қалалардан, соның ішінде Саратов, Воронеж қалаларындағы фельдшерлік-акушерлік мектептерде, Омбы және Орынбор әскери ауруханалары жанындағы курстарында, сонымен қатар Қазақ және Саратов университеттерінің медициналық факультеттерінде дайындықтан өткен Далалық өлкенің жергілікті тұрғындары келді.

Елдің өзінің медициналық кадрларын дайындауды бастаудың қажеттілігі қиын эпидемиологиялық жағдаймен және аймақта медициналық қызметкерлерді мүлдем жетіспеуі болды. Себебі Еділ мен Жайық арасындағы территория обаның табиғи ошағы болған еді. Тек 20 ғасырдың басында осы жерде кейін орталық Поволжье облыстарына дейін тараған екі рет ірі эпидемия болды. Бұл біздің өлкемізге дәрігерлер мен фельдшерлердің эпидемияға қарсы күрес, эпидемияның себептерін зерттеу мен бағалау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін тұрақты келуінің себебі болды. Дәрігерлер өздеріне жұмыс орындарында көмекшілер дайындай бастады, ал кейбіреулерін Қазақ, Воронежге қысқа мерзімді курстарға жіберді. Сондай-ақ әскери дәрігерлердің көмекшілерін даралап Орынбордың әскери лазареті дайындады. Мысалы: Оныншы дивизияның екінші лазареттің фельдшерлік мектебі немесе Орал полкі әскери ауруханасы жанындағы фельдшерлік мектеп. Осындай мектептерден дайындалған медициналық кадрлар қатары жылына 15-20 адамға көбейіп отырды және бұл әрине жеткіліксіз еді.      

Орал губерниясында медициналық мектепті ашудың бастамашысы 1912 жылдан бастап оба ошағында жұмыс жасаған, Саратов дәрігер эпидемиологы, ғалым Григорий Иванович Кольцов болды. Ол қолда бар медициналық кадрлардың аймақтағы оба мен холера эпидемияларының алдын алуға, жоюға шамасы келмейтінін түсінді.

Сондықтан медициналық мектеп ашу туралы Зем басқармасына өзінің фельдшерлік мектебінің ашылуының қажеттілігі туралы хат жолдайды және ол қолдау тауып мақұлданады.

1916 жылы жергілікті «Листокъ Уральскі» газетінде мынадай хабарландыру жарияланады: «земская фельдшерско-акушерская школа открывается в городе Уральске с 1 ноября 1916 года, с курсом обученья для фельдшеров – 3 года, для фельдшеров-акушеров – 4 года. Принимается лица обоего пола, не моложе 14 лет, окончившие 4 класса женской гимназии, реального и коммерческого училище, окончившие полный курс духовных училищ, ремесленной и сельско-хозяйственной школы и высших начальных училищ и имеющие свидетельства на звание учителей и учительниц. Для лучших учеников выдаются стипендии в размере 250 р. в год.». Сөйтіп қазіргі Қазақстан территориясында Зем ауруханасының жанынан 4- жылдық фельдшерлік-акушерлік мектеп ашылады. Мектеп директорын қызметіне обаға қарсы станцияның бас дәрігері Г.И.Кольцовты, оқытушылар қызметіне зем және әскери ауруханалардың дәрігерлері тағайындалады. Мектепке алғашқы 27 оқушы іріктеліп алынады.

 Аздаған сақтаулы қалған мұрағат мәліметтерінен 1919 жылы ГОНО мәжілісінде, мектептерді сатысы бөлі кезінде, фельдшерлік-акушерлік мектепті екінші сатыға жатқызады, ал 1919 жылы 6 тамызда облыстық денсаулық сақтау басқармасында алқа мәжілісінде мектепті нығайту үшін Саратов Университеті проректоры көмекшілерін А.В. Генке мен П.Н. Острецовты аталмыш мектептің лекторлары ретінде жұмыс істей отырып, Орал қаласының бірінші және екінші кеңес ауруханаларының проректоры қызметіне шақыру туралы шешім қабылданды. Мұрағат құжаттары 1919 жылдың күз айында сабақты тек бірінші және екінші курстар бастағанын куәландырады, себебі фельдешрлік-акушерлік мектептің барлық үшінші курс оқушыларын Орал, Калмыков, Ілбішін уездеріне шешекке қарсы егу жұмыстарын жүргізуге, ал кейбіреулерін Чапаев дивизиясына және 1 Қазақ кавалерия бригадасына емшінің көмекшісі етіп жіберіледі.

1919 жылы желтоқсан айында ерекше соғыс жағдайына байланысты Қызыл әскер бөлімдері үшін мектеп жанында әскери уақыттағы мейірбикелерді даярлайтын екі, төрт, тоғыз айлық қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылды.

1920 жылдың 10 сәуірінен бастап И.Г. Кольцов бөртпе сүзегінен қайтыс болғаннан кейін фельдшерлік-акушерлік мектепті Александр Васильевич Генке басқарады. Ол соғыс кезінің соғыс уақытындағы мейірбикелерді даярлайтын 20 айлық курстар ашты.

1921 жылы Орал фельдшерлік-акушерлік мектебінің өзінің штампы, мөрі және оқытушылар мен оқушылардың тізімі болды. Бұл кезде фельдшерлік-акушерлік мектепке жұмыс істеуге атақты дәрігерлер Степанов, ағайынды Константиндер, Валентин Тимофеев келді. 1921 жылы мектептің директоры болып В.С.Пономарев тағайындалды.

1923 жылы КСРҚА Наркомздрав алдында жергілікті халықтың тілін, тұрмысын, өмірін білетін медициналық кадрлар даярлау туралы мәселелер қаралды. Бұл мәселе Орынбор қаласында өткен Бүкіл қырғыздық денсаулық сақтау бөлімдерінің меңгерушілерінің ІІІ съезінде толық қолдауын тапты.

1923 жылы БООАК жарлығымен Орал қаласындағы фельдшерлік мектепті жауып, Қаз КСР астанасы – Орынбор қаласына көшіру және «Қазақ өлкелік медициналық техникумі» атауына өзгерту туралы шешім қабылданады.

«Қазақ өлкелік медициналық техникумі туралы» Ережеге сәйкес оқу орны барлық Далалық өлкеге медициналық қызмет көрсететін медициналық қызметкерлер дайындады. Оқу мерзімі – 4 жыл. Техникум жанынан жалпы саны 150 адам және толық мемлекеттік қамтамасыздығындағы жергілікті қазақ халқының балаларын оқытатын бөлім ашылды. Сонымен қатар барлық оқушылар қазақ тілін оқуға міндетті және аяқтағаннан кейін жолдама орны бойынша тиісті мерзімін өтеуі тиіс екендігі белгіленді. Осы уақытта Кутин М.А., содан кейін 1924 жылдан бастап Баталов М.П. директор болды.  

1929 жылы тамыз айында республика астанасын Қызыл-Орда қаласына ауыстырғаннан кейін техникум Орал қаласына қайта көшірілді. Бұл жерде бұрын болған фельдшер-акушерлік бөлімге қосымша стоматологиялық және мейірбикелік бөлімдер ашылды. Сол кезде медициналық техникумде Сундеткалиев, Любин, Келлер, Зобин, Шнибеков, Башмачникова, Скачкова, Любавин, Остряков, Никушин және басқа да дәрігер-оқытушылар еңбек етті.    

Мұрағат құжаттары бойынша 1929 жылдан бастап фельдшерлер мен акушерлер мамандығын бітіруші түлектер үнемі шығарылып тұрған. Бітірушілер тек батыс аймағына ғана емес, сонымен қатар Павлодар, Қостанай, Ақмола, Қызылорда, Семей, Алматы, Орынбор қалаларына жіберілген. Көптеген бітірушілер Алматы медициналық институтының алғашқы студенттері болды. Бұл Орал медициналық техникумының маман даярлауда сол кездері Республикада маңызды роль атқарғандығын көрсетеді.

Техникум медициналық кадрларды дайындай отырып, өзі де дамыды, ұлттық кадрлар дайындалды, оқытудың жаңа әдістері енгізілді, дәрігерлердің дайындауымен жаңа бағдарламалар жасалды, дәріс әдісінің орнына семинарлық, зерттеу, лабораториялық әдістерді қолданылды.

Сол кездегі техникум қызметінің ерекшелігі мен өзгешелігі медициналық қызметкерлерді дәрігерлердің жетекшілігімен жұмыс жасауға емес (басқа РКФСР техникумдері сияқты), периферияда өз беттерімен жұмыс жасауға арналған дәрігерлердің көмекшілерін дайындады, сондықтан да ондағы оқыту мерзімі 3 жыл емес, 4 жылдық болды және оқыту бағдарламасы елдегі сондай оқу орындарынан өзгеше болды. Осы техникумнің бітірушілері периферияда екі жыл жұмыс істегеннен кейін дәрігер біліктілігін алу үшін ЖОО-ның 3 курсына оқуға түсу құқығына ие болды. Бұл туралы «Қазақстанда дәрігерлік кадрларды дайындау туралы» мәселе қозғалған 1930-1931 жылғы республикалық мәжіліс материалдары куә болады, және онда Қазақ өлкелік техникумі тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ РКФСР-дағы оқу орындары арасында ерекше орын алатыны айтылған.    

1935 жылы медициналық техникум фельдшерлік-акушерлік мектеп болып қайта өзгертіледі. 1939 жылы фельдшерлік-лабораториялық бөлім ашылды. 1954 жылы фельдшерлік-акушерлік мектеп атауы қайтадан медициналық училище атауына өзгертілді. Бұл атау 1996 жылдың 14 маусымына дейін сақталды.

1960 жылы дипломы бар фармацевттерге аса қажеттілікті ескере отырып, фармация бөлімі ашылады, ал 1975 жылы алғаш рет санитарлық-фельдшерлік бөлімге оқушылар қабылданды. 1989 жылдан бастап орта медициналық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру жөніндегі бөлім жұмыс жасай бастады.

1996 жылы бұл оқу орны «Батыс Қазақстан медициналық колледж» атауына өзгертілді.

 

Оқу орнының барлық қызмет ету жылдарында басқарған басшылар: Г.И. Кольцов (1916-1920 ж.ж.), А.В. Генке (1920-1922ж.ж), В.С.Пономарев (1922), И.В. Степанов (1922-1923ж.ж), М.А. Кутин (1923-1924), М.Т.Баталов (1924-1931ж.ж.) Зобнин (1931-1932ж.ж.), И.З. Шнибеков (1932-1936ж.ж.) , М.Сундеталиев (1937-1938), Е.А.Шипулин (1937-1938), М.Г.Соколов (1938-1940), П.А. Прянин (1940-1941ж.ж.) Р.С. Подольская (1941-1944ж.ж.), Е.И. Щелкова (1944-1954ж.ж.), Н.Т. Алибаев (1954-1960ж.ж.) А.В.Тихонов (1960-1979ж.ж.) А.Н. Ибатов (1979-1984ж.ж.) М.К. Берген ( 1984-2012 жж). Олар облыстық денсаулық сақтау саласын дамыту мен медициналық кадрларды даярлауда көп еңбек етіп, өшпес із қалдырды.

Түрлі жылдарда колледжде атақты адамдар, ғалымдары – академик Қажым Жұмалиев, И.М. Малеча, З.М.Рахманина, Ф.Я. Трипуров, А.А.Коблик және т.б , сонымен қатар Қазақстандағы танымал дәрігерлер – хирург Н.Т. Алибаев, инфекционист К.Д.Тажиманов, С.А.Лебедев, акушер-гинеколог И.И.Берлянд, психиатр С.П.Письман, эндокринолог И.С.Эдельзон, терапевт Т.В.Чеусова және тағы басқалар еңбек етті.

           Колледж түлектері - біздің мақтанышымыз:   

        Қарақұлов Ишанбай Қарақұлович – соғысқа дейінгі кезеңдегі денсаулық сақтау наркомы және соғыстан кейінгі кезеңдегі республиканың денсаулық сақтау министрі, белгілі Кеңес эпидемиологы, КСРО және ҚазКСР Академиясы медициналық ғылымдарының корреспондент мүшесі, Қазақ КСР, Қарақалпақ КСР еңбек сіңірген қайраткері. Ол көптеген ғалымдар тобын дайындап, жүздеген кітаптар мен нұсқаулықтар шығарды.

Илешева Розалия Галиевна - медицина ғылымдарының докторы, профессор, бала
психиатры мамандығы бойынша профессор атағын алған алғашқы қазақ әйелі. Көп жылдар Алматы медициналық академиясында еңбек етті.

Жұматов Хамза Жұматович - вирусолог, Қаз КСР Ғылым академиясының академигі, КСРО медициналық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор, Қаз КСР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Вирусология мен иммунология мәселелеріне арналған ғылыми еңбектердің авторы.

Тюрин Николай Алексеевич 1939 жылы Орал тіс дәрігерлік мектебінің фельдшерлік бөліміне оқуға түседі. 1941 жылы майданға аттанады. 1952 жылы 1 Мәскеу медициналық институтын бітіріп, Мәскеу қаласында Патрис Лулумба атындағы халықтар достастығы Университетінде көп жылдар емдеу факультетінің алғашқы деканы болып қызмет етті.

Симбирцев Семен Александрович – КСРО МҒА академигі, көп жылдар бойы Ленинград дәрігерлерді жетілдіру институтын басқарды.

Қазіргі таңда колледж еліміздің жетекші медициналық колледждерінің бірі, Қазақстан Республикасының алты мамандық және 8 біліктілік бойынша медициналық қызметкерлердің жоғары білікті және құзыретті кадрларын дайындайтын базалық оқу орны болып табылады.  

Колледж түлектері еліміздің барлық аймақтарында және одан тыс жерлерде сұранысқа ие. Жұмысқа орналасу барлық бітірушілердің 92-93%-ын құрайды, қалғандары медициналық ЖОО-на оқуға түседі, елден тыс жерлерге кетеді.

2014 жылы Батыс Қазақстан медициналық колледжі Қазақстан Республикасының алты базалық колледждерінің құрамына «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасын енгізуге байланысты ДСМ-нің сынамалы жобасын іске асыруға кіргізілді. Бұл жоба Дүниежүзілік банктің «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау секторында технологиялар беру институционалдық реформаны жүргізу» жобасы шеңберінде дайындалды және енгізіліп жатыр.    

Колледжде оқытуды жоғары білікті педагогикалық ұжым жүзеге асырады, оның көбі жоғары және бірінші санатқа ие, Алматы, Астана, Түркістан, Ресей, Финляндия, Испания, АҚШ, Германияда оқудан және тәжірибеден өткен. Жыл сайын оқытушылардың 96%-на жуығы өз біліктіліктерін арттырады.

Колледжде білім беру үрдісіне ең заманауи инновациялық технологиялар (дуалдық оқыту және кредиттік технология, симуляциялық оқыту, білімді балл-рейтингік бағалау, тестілеу әдісімен студенттердің білімінің өміршеңдігін ретроспективті бағалау, қашықтан оқыту элементтерін пайдалану және т.б.) енгізілуде. Оқу үрдісінде компьютерлік және симуляциялық техникалар, 6-7 ұрпақты робот-симуляторлар, оқу тренажерлері, электрондық оқулықтар және т.б. кеңінен қолданылады.

БҚЖМК студенттерінің практикалық дайындығы облыстағы үздік орта медициналық қызметкерлер қатарындағы ментор-тәлімгерлердің қатысуымен Орал қаласының ірі емханаларының базаларында жүзеге асырылады. Сапалы оқу үрдісі үшін оқу базаларында барлық қажет заттар – сабаққа арналған оқу бөлмелері, ЕПҰ тренингтік орталықтары, емдеу-диагностикалық бөлімдер мен кабинеттер, медициналық жабдықтар мен лабораториялар берілген. Колледждің клиникалық базалармен әлеуметтік әріптестігі «киелінің киелісі» білім беру саласына, оның мазмұнына әсер ете отырып, білім беру үрдісінің белсенді және толық қанды қатысушы болуға мүмкіндік береді. Жыл сайын мамандарды дайындау сапасын жетілдіру бойынша көптеген бірлескен ғылыми-практикалық конференциялар өткізіледі. Практикалық денсаулық сақтау өкілдері бітіру мемлекеттік емтихандарына да, ағымдық практикалық емтихандарға да қатысады.

 


     История становления колледжа

     Западно-Казахстанский Высший медицинский колледж стоит у истоков медицинского образования в Республике Казахстан. Именно здесь в г.Уральске сто лет назад, в 1916 году, впервые начато обучение традиционных медиков на казахстанской земле. И только через 13 лет, после исторического 4 съезда руководителей облздравотделов КАССР в г.Кызыл-Орде, стали открываться другие учебные медицинские заведения. До этого специалисты прибывали из ближайших российских городов, в том числе местные жители Степного края прошедшие подготовку в фельшерско-акушерских школах г.Саратова, Воронежа, курсах при войсковых больницах Омска и Оренбурга, а также на медицинских факультетах университетов Казани и Саратова

     Необходимость начала подготовки собственных медицинских кадров было продиктовано сложной эпидемиологической обстановкой и катастрофической нехватки медицинских работников в регионе. Ведь территория между Волгой и Уралом веками была природным очагом чумы. Только в начале 20 века здесь дважды были крупные эпидемии, распространившиеся затем вплоть до областей среднего Поволжья. Это стало причиной постоянного пребывания врачей и фельдшеров в наши края для того, чтобы проводить работы по борьбе с эпидемией, исследованию и оценке причин эпидемии. Врачи стали готовить себе помощников на местах работы, а некоторых отправляли на краткосрочную учебу в Казань, Воронеж. Кроме того, помощников военных врачей штучно готовили войсковые лазареты Оренбурга. Например: Фельдшерская школа второго лазарета десятой дивизии и Фельдшерская школа при военной больнице Уральского полка. Ряды средних медицинских кадров пополнялись ежегодно на 15-20 человек подготовленных в таких школах в год, и этого конечно было недостаточно. Инициатором создания в Уральской губернии медицинской школы был работавший с 1912 года в очагах чумы, саратовский врач-эпидемиолог, ученый Григорий Иванович Кольцов. Он понимал, что имеющимися медицинскими кадрами не под силу предотвратить и искоренить эпидемии чумы и холеры в регионе.

         Поэтому он направляет письмо Земскому управлению об необходимости открытии своей фельдшерской школы и получил одобрение и поддержку. Так уже 1916 году в местной газете «Листокъ Уральскій» публикуется объявление что: « земская фельдшерско-акушерская школа открывается в городе Уральске с 1 ноября 1916 года, с курсом обученья для фельдшеров – 3 года, для фельдшеров-акушеров – 4 года. Принимается лица обоего пола, не моложе 14 лет, окончившие 4 класса женской гимназии, реального и коммерческого училище, окончившие полный курс духовных училищ, ремесленной и сельско-хозяйственной школы и высших начальных училищ и имеющие свидетельства на звание учителей и учительниц. Для лучших учеников выдаются стипендии в размере 250 р. в год.» Таким образом на территории современного Казахстана открылась 4-х годичная фельдшерско-акушерская школа при Уральской Земской больнице. Директором школы назначен Г.И. Кольцов, главный врач противочумной станции, преподавателями врачи земской и войсковой больниц. В школу отобраны 27 первых учащихся.

          Из немногочисленных сохранившихся архивных данных известно, что в начале 1919 года на заседании ГОНО, во время деления школ по ступеням, фельдшерско-акушерскую школу относят ко второй ступени, а 6 августа 1919 года на заседании коллегии областного управления здравоохранения для укрепления школы принимается решение о приглашении помощников проректора Саратовского университета А.В. Генке и П.Н. Острецова на должность проректоров первой и второй советских больниц г.Уральска, которые одновременно должны так же будут работать в качестве лекторов данной школы.

       Архивные документы также свидетельствуют, что осенью 1919 года к занятиям приступают только первый и второй курсы, так как все учащиеся третьего курса фельдшерско-акушерской школы выезжают в Уральский, Калмыковский, Лбищенский уезды для проведения работ по прививке против оспы, а некоторые из них направляются в Чапаевскую дивизию и 1 Казахскую кавалерийскую бригаду в качестве помощников лекаря. А также

       В декабре 1919 года в виду особой военной обстановки при школе были организованы двух, четырех, девяти месячные кратковременные курсы по подготовке медсестер военного времени для частей Красной армии.

     С 10 апреля 1920 года, после смерти И.Г.Кольцова от сыпного тифа, фельдшерско-акушерскую школу стал возглавлять Александр Васильевич Генке. Он же открывает ускоренные 20-ти месячные курсы по подготовке медсестер военного времени.

     В 1921 году Уральская фельдшерско-акушерская школа имела свой штамп, печать и список постоянных преподавателей и учащихся. В это время в фельдшерско-акушерскую школу прибыли работать известные врачи Степанов, братья Тимофеевы. В конце 1921 года директором школы был назначен врач В.С. Пономарев.

       В 1923 году перед Наркомздравом КАССР встал вопрос о подготовке для республики своих медицинских кадров, знающих жизнь, язык и быт народа. Это идея встретила полное одобрение ІІІ Киргизского съезда заведующих отделами здравоохранения прошедшего в г.Оренбурге. Тогда же, в 1923 году указом ВЦИК было принято решение о закрытии фельдшерско-акушерской школы в городе Уральск в связи с переводом ее в столицу КАССР – в город Оренбург и переименовать в «Казахский краевой медицинский техникум».

       Как было указано в «Правилах о Казахском краевом медицинском техникуме» учебное заведение признано готовить медицинских работников оказывающих медицинские услуги населению всего Степного края. Срок обучения – 4 года. При техникуме открывается отделение для обучения детей казахского народа, численностью 150 человек и полным их государственным обеспечением. Также указывается что все учащиеся обязаны изучать казахский язык и по окончанию отработать положенный срок по месту направления. В данное время директорами были Кутин М.А., а затем с 1924 года Баталов М.П.

      В августе 1929 года, после перевода столицы республики в г.Кызыл-Орду техникум был снова переведен в г.Уральск. Здесь к ранее существующему фельшерско-акушерскому отделению дополнительно открылись стоматологическое и медсестринское отделения. В медицинском техникуме в то время работали врачи – Сундеткалиев, Любин, Келлер, Зобин, Шнибеков, Башмачникова, Скачкова, Любавин, Остряков, Никушин и другие врачи-преподаватели.

     По данным архивным документов с 1929 года производился регулярный выпуск фельдшеров и акушеров. Выпускники направлялись на работу не только в западный регион, но и в города Павлодар, Акмола, Кызыл-Орда, Чимкент, Семипалатинск, Алматы, Оренбург. Многие выпускники стали первыми студентами Алма-Атинского медицинского института. Это свидетельствует тому, какую важную роль для здравоохранения республики в то время имел техникум..

    Техникум, подготавливая медицинских кадров, развивался и сам – готовил национальных кадров, внедрял новые методы обучения, разработал новые программы по подготовке помощников врачей, вместе с традиционным лекционным методом применял семинарские, исследовательские, лабораторные методы.

      Особенность и отличие деятельности техникума в то время состояло в том, что он готовил медицинский персонал не для работы под руководством врачей (как другие техникумы РСФСР), а помощников врачей для самостоятельной работы на периферии, поэтому срок обучения в нем был не 3-х, а 4-х годичный, и программа обучения отличались от таковых в других учебных заведениях страны. Выпускники данного техникума после двух лет отработки на периферии имели право поступления на 3 курс вуза для получения квалификации врача. Об этом свидетельствуют материалы республиканских совещаний 1930-1931 года, на одном из которых стоял вопрос «О подготовке врачебных кадров в Казахстане» и отмечалось, что Казахский краевой техникум занимает особое положение среди учебных заведений не только в Казахстане, но и РСФСР.

     В 1935 году медицинский техникум был снова переименован в фельдшерско-акушерскую школу. В 1939 году открывается фельдшерско-лабораторного отделение. В 1954 году название фельдшерско-акушерской школы снова переименовано на медицинское училище. Это название сохранилось до 14 июня 1996 года.

     В 1960 году учитывая острую потребность в дипломированных фармацевтах открывается отделение фармации, а 1975 году первый раз приняты учащиеся на санитарно-фельдшерское отделение. С 1989 года начало функционировать отделение по повышению квалификации средних медицинских работников.

      В 1996 года это учебное заведение переименовывается в «Западно-Казахстанский медицинский колледж».

      Руководителями учебного заведения за все годы его существования были: Г.И. Кольцов (1916-1920 г.г.), А.В. Генке (1920-1922 г.г.), В.С. Пономарев (1922), И.В. Степанов (1922-1923 г.г.), М.А. Кутин (1923-1924 г.г.), М.П. Баталов (1924-1931 г.г.), И.С. Зобнин (1931-1932 г.г.), И.З. Шнибеков (1932-1936 г.г.), М.Сундеткалиев (1937-1938 г.г.), Е.А. Шипулин (1937-1938 г.г.), М.Г. Соколов (1938-1940 г.г.), П.А. Прянин (1940-1941 г.г.), Р.С. Подольская (1941-1944 г.г.), Е.И. Щелкова (1944-1954 г.г.), Н.Т. Алибаев (1954-1960 г.г.), А.В. Тихонов (1960-1979 г.г.), А.Н. Ибатов (1979-1984 г.г.), М.К. Берген (1984-2012 г.г.). Они усердно трудились и оставили неизгладимый след в становлении и активном развитии здравоохранения страны и медицинского образования.

        В различные годы в колледже плодотворно работали известные впоследствии ученые – академик К. Жумалиев, И.М. Малеча, З.М. Рахманина, Ф.Я. Трипуров, А.А. Коблик, а так же известные в Казахстане врачи – хирург Н.Т. Алибаев, инфекционист К.Д. Тажиманов, С.А. Лебедев, акушер-гинеколог И.И. Берлянд, психиатр Письман С.П., эндокринолог И.С. Эдельзон, терапевт Т.В. Чеусова и др.      

        Гордость колледжа наши выпускники:

        Каракулов Ишанбай Каракулович – нарком здравоохранения довоенного периода и министр здравоохранения республики послевоенного времени, известный советский эпидемиолог, член-корреспондент Академии медицинских наук СССР и КССР, заслуженный деятель КССР и Каракалпакского ССР. Он подготовил целый ряд ученых, издал сотни книг и рекомендаций.

        Илешева Розалия Галиевна – доктор медицинских наук, профессор, первая казашка, которая получила звания профессора по специальности детский психиатр. Многие годы работала в Алматинском медицинской институте.

     Жуматов Хамза Жуматович – вирусолог, академик Академии наук КССР, член-корреспондент Академии медицинских наук СССР, профессор, заслуженный деятель КССР, лауреат государственной премии КССР. Автор сотен научных трудов посвященных вирусологии и иммунологии.

      Тюрин Николай Алексеевич – в 1939 году поступил на фельдшерское отделение Уральской фельдшерско-акушерской школы.  В 1941 году отправился на фронт. В 1952 году закончил 1 Московский медицинский институт, и многие годы работал профессором, был первым деканом лечебного факультета в Университете дружбы народов имени Патриса Лумумба.

        Симбирцев Семен Александрович, академик АМН СССР, долгое время возглавлял Ленинградский институт усовершенствования врачей.

      В настоящее время колледж является одним из ведущих медицинских колледжей страны, базовым учебным заведением Минздрава Республики Казахстана, готовящихся высококвалифицированные и компетентные кадры медицинских работников по шести специальностям и 8 квалификациям.

      В настоящее время колледж является одним из ведущих медицинских колледжей страны, базовым учебным заведением Минздрава Республики Казахсатана, готовящихся высококвалифицированные и компетентные кадры медицинских работников по шести специальностям и 8 квалификациям.. Выпускники колледжа востребованы во всех регионах страны и за ее пределами. Трудоустройство составляет до 92-93% всех выпускников, остальные поступают в медицинские вузы, выезжают за пределы страны.

       В 2014 году Западно-Казахстанский медицинский колледж в числе шести базовых колледжей Республики Казахстан включен в реализацию пилотного проекта МЗ внедрения Образовательной программы Прикладного бакалавриата по специальности «Сестринское дело». Данный проект разработан и внедряется в рамках проекта Всемирного банка «Передача технологий и проведение институциональной реформы в секторе здравоохранения Республики Казахстан».

        Обучение в колледже осуществляется высоко-квалифицированным педагогическим коллективом, большинство и которых имеют высшую и первую категорию. прошедших обучение и стажировки в Алмате, Астане, Туркестане, России, Финляндии, Испании, США, Германии. Ежегодно до 96% преподавателей повышают свою квалификацию.

     В колледже внедряются в образовательный процесс самые современные инновационные технологии (элементы дуального обучения и кредитной технологии, симуляционное обучение, бально-рейтинговая оценка знаний, ретроспективная оценка выживаемости знаний студентов методом тестирования, использование элементов дистанционного обучения и др.). В учебном процессе широко используется компьютерная и симуляционная техники, роботы-симуляторы 6-7 поколения, учебные тренажеры, электронные учебники и т.д.  

          Практическая подготовка студентов ЗКВМК осуществляется на базе крупных клиник г.Уральска с участием ментеров-наставников из числа лучших средних медицинских работников области. На учебных базах для качественного учебного процесса представлены все необходимое: учебные комнаты для занятий, тренинговые центры ЛПО, лечебно-диагностические отделения и кабинеты, медицинское оборудование и лаборатории. Социальное партнерство колледжа с клиническими базами позволяет последним стать активными и полноправными участниками образовательного процесса, оказывая влияние на «святая святых» образования – его содержание. Ежегодно проходят множество совместных научно-практических конференций по совершенствованию качества подготовки специалистов. Представители практического здравоохранения активно участвуют как на выпускных государственных, так и на текущих практических экзаменах.

 

Форма входа

Поиск

Статистика

Количество просмотров материалов
10161